Текст
26.11.2025
2 «Б» сыныбында «Дені сау тістер» тақырыбында қызықты жаратылыстану сабағы өтті.
Оқушылар тістерді күту ережелерімен танысып, қандай тағамдардың пайдалы, ал қайсысының зиян екенін анықтады. Сабақ барысында балалар жұппен және топпен белсенді жұмыс жасады: суреттерді талқылап, тапсырмаларды орындап, дұрыс және бұрыс гигиенаның үлгілерін салыстырды....
25.11.2025
Мектебімізге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (НЗМ) педагогтары мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында келді.
Жұмыс барысында НЗМ мамандары оқушылардың математикалық және жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша оқыту жүргізді. Сондай-ақ математика, физика, химия және биология пәндері бойынша PISA форматына сәйкес тапсырмаларды құрастыру әдістерін көрсетті. Мұғалімдер...
21.11.2025
Астанада өткен «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағытындағы республикалық кездесуге біздің мектептің президенті Подрезова Милана белсенді қатысып қайтты.
Шарада балалардың қауіпсіздігі туралы өзекті мәселелер көтеріліп, қатысушылар ой бөлісті, тәжірибе алмасты. Милада үшін бұл маңызды қадам болды – жаңа орта, жаңа адамдар, жаңа жауапкершілік. Осындай кездесулер жас көшбасшыларға үлкен серпін береді деп ойлаймын.
17.11.2025
Мектебімізде Бастауыш сынып апталығы басталды!
Апта бойы оқушыларды қызықты іс-шаралар, шығармашылық тапсырмалар, танымдық ойындар мен тақырыптық күндер күтеді. Балалар өз таланты мен қабілеттерін көрсетіп, жаңа мәліметтер алып, достық пен шығармашылық атмосферасын сезінеді.
14.11.2025
Мектептегі тамақтану — оқушылардың денсаулығы үшін өте маңызды.
Біздің мектепте балаларға теңгерімді, пайдалы және дәмді тағамдар беріледі. Бұл олардың өсуіне, дамуына және оқу кезінде энергиясын сақтауға көмектеседі. Біз тағам сапасына, дұрыс дайындалуына және гигиенасына ерекше көңіл бөлеміз.
11.11.2025
3 «В» сыныбында математика пәнінен «Бөлшек және үлес ұғымы» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар үлес туралы жаңа түсінік алды, бүтінді тең бөліктерге бөлу және бөлшектерді жазу тәсілдерін үйренді.
Оқушылар практикалық тапсырмалар орындап, фигуралар мен заттарды тең бөліктерге бөлді, үлестерді сандар мен бөлшек сызығы арқылы көрсетті. Сабақ қызықты және танымдық түрде өтті, балалар бөлшектер бүтіннің бөліктерін көрсетуге көмектесетінін түсінді.
08.11.2025
Хабарландыру
КГУ "Крупская атындағы жалпы білім беретін мектепте" төмендегі бос жұмыс орындары бар:
Педагог-психолог – 1 ставка
Педагог-ассистент – 1 ставка
Анықтама телефоны: ☎️ 9-10-56
04.11.2025
3 қараша күні мектебіміздің барлық сыныптарында «Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында маңызды және танымдық сынып сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар ойын түрінде және әңгімелесу арқылы құқықтар мен міндеттер ұғымдарымен танысты. Бастауыш сынып оқушылары әрбір адамның, тіпті кішкентай оқушының да құқықтары бар екенін және оны ересектердің сақтауы тиіс екенін білді. Сонымен қатар, әркімнің...
03.11.2025
Подрезова Милана – оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының Республикалық форумындағы Жер амбассадоры
2025 жылдың 4–5 қарашасы күндері Атырау қаласында оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының Республикалық форумы өтуде.
Осы форумға Ақмола облысы атынан біздің мектебіміздің оқушысы Подрезова Милана қатысып, Жер амбассадоры ретінде өңіріміздің намысын қорғауда...
30.10.2025
Педагогикалық кеңес Күні: 30 қазан Тақырыбы: «Оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи тәсілдер: дәстүрден инновацияға»
Күн тәртібі:
Оқытудағы заманауи тәсілдер: дәстүрден инновацияға дейін
Баяндамашылар: Ахметова А.Е., Искакова Г.У.
Мектеп жұмысының негізгі көрсеткіші ретінде оқыту сапасы
Баяндамашы: оқу ісі жөніндегі орынбасары Кот Р.Р.
Мектепке дейінгі және бастауыш...