«Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы аясында Крупская атындағы мектептің 9–11 сынып оқушыларынан құралған ұлдар командасы баскетболдан I орынға ие болды.

11.02.2026

Спортшылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және жеңіске деген жігерін көрсетті. Жарыс барысында команда сенімді ойын өрнегін көрсетіп, лайықты түрде жеңімпаз атанды.

Команданы жаттықтырған — Камышов В.Н. Жаттықтырушының кәсіби шеберлігі мен қолдауының арқасында оқушылар жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Жеңімпаздарды және жаттықтырушыны құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!

Просмотров: 726


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу