Жарқайың ауданының мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыратын мемлекеттік органдардың бірлестірілген жүйесіне енеді.
Тұрғындарға көрсетілетін мемлекттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:
- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;
- мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;
- Мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;
- мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.
Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясы» КММ мемлекеттік қызметтің 16 түрін көрсетеді:
Барлық мемлекеттік қызметтер ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген ережелерін басшылық етеді.
2025 жылы Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясы» КММ мемлекеттік қызметтің 9 түрі бойынша 380 қызметі көрсетілді, олардың ішінде: ЭҮП арқылы -73; қағаз түрінде -306; байланыссыз АЖ арқылы-1;
2025 жылы электронды түрде негізделген бас тартулар тіркелді-2;
2025 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясы» КММ мектебінде ең талап етілетін мемлекеттік қызмет -«Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» -186.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат мектептің интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің ережелерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады. Сонымен қатар ақпарат мемлекеттік органдарда, жалпыға қолжетімді орындарда, ақпараттық стендтерде, instagram, facebook әлеуметтік желілерінде орналастырылған.
2025 жылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы халықты хабардар ету жөніндегі іс-шаралар бойынша instagram әлеуметтік желісі арқылы 7 жарияланымдар жарияланды, 2 тікелей эфирлер өткізілді. 2025 жылы 2 қызметкерлер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті, сертификаттары бар.
Сондай-ақ Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясы» КММ мемлекеттік қызмет көрсету ережелері және оларды көрсету реті жарияланған стенді ресімделген.
2025 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан жергілікті атқарушы органдарға шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) турашылдық;
4) туралық
Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділігі мен жетілдіру үшін 2026 жылы мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкес келетін шаралар қолдану.
«Электронды үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті қолданушылардың санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.