"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі  Державин қаласының Надежда Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Надежды Крупской города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас Ұрпақ»

  1. Жалпы ережелер

 1.1 «Жас Ұрпақ» облыстық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі «Бірлестік» деп аталады) Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен Ақмола облысының білім басқармасымен бірлесіп құрылды.

1.2 Толық ресми атауы «Бірлестік»

1.3 «Бірлестік» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан Республикасындағы балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері» Қазақстан Республикасы Білім министрінің бұйрығын басшылыққа алады.

1.4 «Бірлестік» қызметі еріктілік, тең құқықтық, өзін-өзі басқару, заңдылық және ашықтық қағидаттарына негізделген. 

1.5 «Бірлестік» облыстық қоғамдық бірлестік мәртебесіне ие.  

1.6 «Бірлестіктің» қызмет мерзімі шектелмейді.

 1.7 Бірлестіктің Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзіндік рәміздері мен атрибуттары болады.  

            1.8 «Бірлестіктің» Көктем ықшам ауданы, 9/А мекенжайындағы Bolashaq sarayi ғимаратында №308 кабинет Жобалық кеңсесі бар және балалардың мүдделерін  қозғайтын мәселелерді талқылау және шешім қабылдау үшін айына бір реттен кем емес жиналыс өткізеді («Бірлестіктің» орналасқан жері өзгеруі мүмкін).                      

         1.9 «Бірлестікке»  Көкшетау қаласы бойынша пилоттық мектептер: №11 мектеп-гимназия, №14 жалпы орта білім беретін мектеп, №17 мектеп-гимназия, №21 мектеп-лицейі қатысады.

 

  1. «Бірлестік» қызметінің мақсаты мен міндеттері

 

2.1 «Бірлестік»:

2.1.1 Білім алушыларда азаматтық, патриотизмді ең маңызды рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар ретінде дамыту, кәсіби маңызды қасиеттерді, дағдыларды қалыптастыру және олардың қоғам өмірінің әртүрлі салаларында белсенді көрінуге дайындығы, жоғары жауапкершілік пен тәртіптілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

2.1.2. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты және мектеп ортасында буллингті азайту мақсатында балаларды оқу, шығармашылық, спорттық және әлеуметтік бастамаларға тарту;

2.1.3. Тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін үйрету;

2.1.4. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша әдебиеттерді және басқа да ғылыми тәсілдерді зерделеу;       

2.1.5. Өзінің және басқа халықтардың салт-дәстүрін құрметтеу, аға буынға деген адамгершілік көзқарасты тәрбиелеу;

2.1.6. Киберкеңістікте оқыту және профильдеу, қаржылық сауаттылық, ақпараттық қауіпсіздікке бағыттау мақсатында құрылды.       

Міндеттері:

1) балалар мен ересектердің бірлескен қызметі мен ынтымақтастығы арқылы баланың қажеттіліктерінің қанағаттанылуы мен мүдделерін іске асыру үшін жағдай жасау.

2) Қазақстан халқының ұлттық мұрасына, салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне шынайы құрметпен  қарауға тәрбиелеу;

3) баланың жеке басын жан-жақты дамыту және жетілдіру, мүмкіндіктерін ашу және жүзеге асыру.

4) ұжымдық өмір нормаларына оң көзқарасты, адамдарға игілікті іс жасауға, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге ұмтылысты тәрбиелеу;

5) салауатты өмір салтын насихаттау;

6) «Бірлестікті» дамыту және облыстық, республикалық іс-шараларға қатысу үшін ұйымдарға қатысушылардың слеттерін, жиындарын, жиналыстарын өткізу;

7) шығармашылық кездесулер, экскурсиялар мен мәдени жорықтар ұйымдастыру, кітапханаларға, мұражайларға, театрларға, кинотеатрларға бару.

              

ІІІ. Жұмыстың негізгі формалары:

 

1.  Балалар ұйымының мектепішілік, қалалық/аудандық, облыстық деңгейдегі байқауларға, жобаларға, жарыстарға қатысуы;

2.  Азаматтық-патриоттық бағыттағы шараларға қатысу;

3. Көркемдік-эстетикалық бағыт бойынша іс-шараларға қатысу;

4.  Ақпараттық бағыттағы шараларға қатысу;

5. Денсаулық сақтау іс-шараларына қатысу;

6.  Қоғамдық пайдалы бағыттағы шараларға қатысу.

 

ІV.  «Бірлестікке» мүшелік

 

4.1. «Бірлестікке» өз еркімен кіруге ниет білдірген 6-10 сынып оқушылары бірлестік мүшелері болып табылады.

4.2. «Бірлестікке»  мүшелікке кіруге үміткерлердің тізімін мектептің өзін-өзі басқару органы қарастырады. Әрі қарай мектептің өзін-өзі басқару органы мақұлданған кандидатураларды  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына ұсынады.

4.3. Қабылдау жылына бір рет өткізіледі: 25 қазан-Қазақстан Республикасының күні. Үміткерлер кірген кезде «Бірлестік» антын оқиды.

4.4. «Бірлестік» мүшелері Төрағаны сайлайды және Кеңес құрады.

4.5. «Бірлестік» мүшелерінің құқықтары тең  және бірдей міндеттері жүктеледі. 

4.2.1. «Бірлестік» мүшелерінің құқықтары:

а) мектеп директорына мектепте секциялар енгізу, тәуекел тобындағы балаларға тәлімгерлік ету, сабақтан тыс іс-шаралар өткізу, белсенді балаларды ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

б) мектепішілік іс-шараларға қатысу;

в) «Бірлестіктің» қызметін насихаттау;

г) аптасына бір рет Кеңесте балалардың мінез-құлқы, олардың себепсіз сабаққа қатыспауы, «тәуекел тобындағы» балаларды сабақтан тыс жұмыспен қамту, байқауларға, спорттық жарыстарға қатысу, мектептің ішкі тәртіп Ережелерін сақтамауға бейім балалар туралы мәселелерді қарау;

д) «Бірлестік» қызметінің жоспарларын, бағдарламаларын әзірлеуге және бекітуге қатысу;

е) «Бірлестік» және мектеп қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін мадақтаулар алу.

4.2.2. «Бірлестік» мүшелерінің міндеттері:

а) «Жас Ұрпақ» мүшелері директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарын, сынып жетекшісін тарта отырып, баланың қатысуымен құқық бұзушылық жасаған балалардың фактілерін қарауға құқылы;

б) «Бірлестік» пен мектеп қызметіне белсенді қатысу;

в) Осы Жарғыны сақтауға және Жарғыда айқындалған өз өкілеттіктері шегінде қабылданған «Бірлестіктің» басқару органдарының шешімдерін орындауға міндетті.

 

V. «Бірлестік» қызметінің негізгі қағидаттары

 

5.1.1  Жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылық фактілерін азайту;

5.1.2. Тәуекел тобындағы балаларды азайту;

5.1.3. Тәуекел тобындағы балаларды бос уақытты өткізу әрекетіне тарту;

  5.1.4. Балаларда дамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және                

            тәрбиелеу;

5.1.5. Балаларды қауіпсіз мінез-құлыққа үйрету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 03.04.2025 15:20
Құрылған күні: 03.04.2025 15:28

Текст