КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Н.Крупская атындағы орта мектебі» ҚММ-де «Қауіпсіз мектеп автобусы»атты Республикалық акция аясындағы іс-шаралар

«Н.Крупская атындағы орта мектебі» ҚММ-де                                

«Қауіпсіз мектеп автобусы»атты                                       

Республикалық акция аясындағы іс-шаралар

 

«Н.Крупская атындағы орта мектеп» ҚММ-де 22.09.2020 – 25.10.2020 жыл аралығында  «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін!» Ұранымен «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты республикалық акциясы өтті.

Акцияның мақсаты оқушыларды оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ балаларды мектеп автобустарымен тасымалдау кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу болды.

«Ақмола облысы Жарқайың ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу, оқушылардың жол жүру ережелеріне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін одан әрі дамыту мақсатында Республикалық «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы аясында түрлі алдын- алу іс-шаралар өткізілді. Айта кетсек жол-көлік оқиғалары және жол ережелері. Бастауыш сынып оқушылары жол ережелері, жол сигналдары, қоғамдық көліктерде және жолда жүру ережелері туралы ойындар мен викториналарға қатысты.

Біздің мектеп жүйелі түрде 1-11 сынып оқушылары арасында «Жаяу жүргіншілерге арналған жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері» тақырыбында нұсқаулықтар өткізеді.

«Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы аясында бірқатар алдын алу шаралары өткізілді:

-  «Жаяу жүргіншінің қауіпсіз жүріс-тұрысы», «Жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік» атты іс-шараға  5-11 сыныптар қамтылды. Сонымен қатар1-4 сыныптарда сынып сағаттарымен  бейнежазбаларды көрсете отырып, жол ережелері бойынша әңгімелер өткізілді. 1-9 сыныптарда «Жол ережелерін білу және орындау» атты жол жүру ережелері бойынша сынып сағаттары өткізілді.

- «Жол тосын сыйларға толы» атты жол жүру ережелері бойынша әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп және оған 1-9 сыныптар қамтылды.

- 1-4 сыныптар арасында  жол-көлік жарақаттарының алдын- алу бойынша сурет байқауы өткізілді.

Мектеп автобусының жүргізушісіне жол қауіпсіздігін және жол ережелерін бұзудың жол берілмеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ балалар көлік құралына кіргенде және шыққан кезде апаттық дабылды міндетті түрде қолдану туралы нұсқаулық  өткізілді.

  Коронавирустық пандемияға байланысты мектеп автобусы «COVID-19» таралуын болдырмау және алдын-алу бойынша барлық шаралар орындалады.

Қабылданған барлық шаралар балалардың өмірін сақтау және қауіпсіздігі бойынша тұрақты профилактикалық жұмыстардың бөлігі болып табылады.

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары : Сейтжанова М.С., Ставничая Г.В.


Текст