Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің «Державинск қаласының Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясы» КММ-нің 2026–2027 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары

Қызметінің мақсаты: білім беру ұйымына мақсаттары мен міндеттерін, жарғылық функцияларын іске асыруда және перспективалық дамуында жәрдемдесу;

Жан-жақты, оның ішінде қаржылық және материалдық көмек көрсету, құқықтық қамтамасыз ету, мектептің, оның білім алушылары мен қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау және қолдау.

Қызметінің міндеттері:

  1. 1. Білім беру ұйымының қаржылық және материалдық базасын нығайтуға және жетілдіруге жәрдемдесу.
  2. 2. Мектептің, оның білім алушылары мен қызметкерлерінің қызметін ынталандыруға, ақпараттандыруға және насихаттауға жәрдемдесу.
  3. 3. Дарынды және оқуға ынтасы жоғары оқушыларды қолдау, олардың түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстарға қатысуына ықпал ету.
  4. 4. Мектептің әлеуметтік-мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге, білім беру және тәрбие процесін дамытуға ықпал ету.
  5. 5. Мектептің қызметі мен дамуын қамтамасыз ету үшін қосымша ресурстар тарту.
  6. 6. Мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіру, оқушылардың білім алу жағдайларын жақсарту.

№

Жұмыс мазмұны

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

 

Қамқоршылық кеңестің №1 жалпы жиналысы:

1. 2025–2026 оқу жылындағы мектептің оқу-тәрбие қызметін талдау. Мектептің жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындығы.
2. «Мектепке жол» республикалық акциясының барысы туралы ақпарат. Акция аясында көрсетілген қайырымдылық көмегі туралы есеп.
3. Қамқоршылық кеңестің нормативтік-құқықтық базасы. Қамқоршылық кеңес туралы ережемен, мектеп Жарғысымен танысу.
Қамқоршылық кеңестің құрамын бекіту.

Қыркүйек

Қамқоршылық кеңес,
әлеуметтік педагог
Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары
Психолог

1.

Қамқоршылық кеңестің №2 жалпы жиналысы:

1. Белгіленген өлшемшарттарға сәйкес әкімдік шыршасы мен Президент шыршасына қатысатын балалардың тізімін жасау. Білім беру ұйымында балаларға арналған жаңа жылдық мерекелерді өткізу.
2. «Үздік қамқоршылық кеңес» конкурсына қатысу.

Қараша

Қамқоршылық кеңес,
Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары

2.

Қамқоршылық кеңестің №3 жалпы жиналысы:

1. Наурыз мейрамын мерекелеу.
2. Мектеп формасын және оның элементтерін киюді ұйымдастыру мәселесі.

Наурыз

Қамқоршылық кеңестің төрағасы,
Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары
Әлеуметтік педагог

3.

Қамқоршылық кеңестің №4 жалпы жиналысы:

1. 2026–2027 жылы аумақты абаттандыру бойынша іс-шаралар өткізу туралы: мектеп аумағы мен мектеп ғимаратын абаттандыруға қатысу.
2. Қамқоршылық кеңестің 2026–2027 оқу жылындағы жұмысы туралы. Кеңес қаражатын есепке алу және жұмсау.

Мамыр

Қамқоршылық кеңестің төрағасы,
мектеп директоры