2025–2026 оқу жылында мектепте «Қауіпсіз автобус» бағыты өз жұмысын табысты жалғастырды. Оқу жылы бойы оқушыларды мектепке және үйлеріне күнделікті тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылды.
Мектеп тасымалы балалардың мектепке уақытылы, жайлы әрі қауіпсіз жетуіне мүмкіндік берді. Оқушыларды тасымалдау барысында жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау, көліктің техникалық жағдайы және балалардың қауіпсіздігі басты назарда болды.
Жүргізушінің, мектеп әкімшілігінің және жауапты тұлғалардың бірлескен жұмысының арқасында мектеп автобусы қауіпсіз білім беру ортасының маңызды бөлігіне айналды.
Мектеп ұжымы оқу жылы бойы жауапкершілікпен еңбек еткен мектеп автобусының жүргізушісіне алғысын білдіреді. Балалардың қауіпсіздігі мен амандығы — мектебіміздің басты құндылығы.