"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі  Державин қаласының Надежда Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Надежды Крупской города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Қостанай қ.
«29» 09. 2025 ж.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Жарғы негізінде әрекет ететін Басқарма Төрағасы – Ректорының атынан (бұдан әрі – «Тарап»), бір жағынан, және Н. Крупская атындағы жалпы білім беретін мектеп, Жарғы негізінде әрекет ететін директордың атынан (бұдан әрі – «Тарап»), екінші жағынан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, төмендегілер туралы осы Меморандумға қол қойды:

1. Ынтымақтастықтың мақсаты мен бағыттары

1.1. Осы Меморандумның мақсаты – білім беру, кәсіби және қоғамдық қызмет салаларында ынтымақтастықты дамыту.

1.2. 1.1-тармақта көрсетілген мақсатты іске асыру үшін Тараптар келесі бағыттар бойынша өзара әрекеттеседі:

дәрістер, семинарлар, білім беру және ғылыми кездесулер ұйымдастыру мен өткізуге әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

педагогтердің кәсіби мәдениетін арттыру және өзара кеңес беру;

тәжірибе және білім алмасу, бірлескен жобаларға қатысу;

бір Тараптың мамандары мен оқытушыларының екінші Тарап ұйымдастырған ғылыми және оқу іс-шараларына қатысуы;

ғылыми-әдістемелік семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;

оқушылардың кәсіби бағдарлау, тәжірибе өткізуіне жағдай жасау;

ынтымақтастық барысында Тараптар келісетін өзге де бағыттар.


2. Тараптардың өзара әрекеттесуі

Тараптар өзара әрекеттесуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, теңдік, ашықтық және адалдық қағидаттары негізінде жүзеге асырады.

Тараптар туындайтын мәселелерді бірлесіп талқылайды және Меморандумда көрсетілген міндеттерді орындау үшін келісілген іс-әрекеттерді жүргізеді.

Осы Меморандумға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде рәсімделіп, екі Тараппен келісілген болуы тиіс.

3. Әрекет ету мерзімі

3.1. Меморандумға қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 5 (бес) жыл мерзімге әрекет етеді.
3.2. Егер Тараптардың бірі мерзім аяқталғанға дейін 1 ай бұрын Меморандумды бұзу туралы хабарламаса, оның күші автоматты түрде келесі кезеңге ұзартылған болып есептеледі.
3.3. Меморандум кез келген Тараптың бастамасы бойынша, егер Меморандум талаптары орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

4. Қорытынды ережелер

4.1. Бұл Меморандум — тараптардың бірлескен қызметі бойынша құқықтық немесе қаржылық міндеттемелер жүктемейтін декларация.
4.2. Егер Меморандум аясындағы іс-әрекеттер екі Тараптың бірінің құқықтарына нұқсан келтірсе, Тараптар жауапты болмайды.
4.3. Меморандумды орындау кезінде туындаған мәселелер келіссөздер немесе консультациялар арқылы шешіледі.
4.4. Меморандум екі дана болып жасалды, әр Тарапқа бір данадан беріледі.


Текст