Іс-шараны кәсіби бағдар беруші Қаирова Дина Мұқтыбаевна ұйымдастырып, оның басты мақсаты – оқушыларды ауыл шаруашылығы және биотехнология саласындағы заманауи мамандықтармен таныстыру болды.
Экскурсия барысында оқушылар:
— тұқым сапасын талдау үдерісімен танысты;
— заманауи зертханалық құрал-жабдықтарды көрді;
— жоғары өнім алуда тұқым сапасының маңыздылығы туралы білді;
— сала мамандарымен сұхбаттасып, олардың кәсіби жолы туралы ақпарат алды.
Әсіресе, тұқымның өнгіштігін, тазалығын және өміршеңдігін анықтау бойынша тәжірибелік көрсетілімдер оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Олар зертханадағы жұмыс ұқыптылықты, жауапкершілікті және терең білімді қажет ететінін түсінді.
Осындай іс-шаралар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ауыл шаруашылығы саласы мамандарына деген құрметін арттырып, болашақ мамандықты саналы таңдауға ықпал етеді.
Жарқайың тұқым зертханасының қызметкерлеріне жылы қабылдауы мен мазмұнды экскурсиясы үшін алғысымызды білдіреміз!


