"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі  Державин қаласының Надежда Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Надежды Крупской города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды кәсіптік бағдарлауды диагностикалау және анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2019 жылғы «15» сәуірдегі

№ 150 бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2018 жылғы «19» желтоқсандағы

№ 692 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды кәсіптік бағдарлауды диагностикалау және анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар

 

 

1 бөлім. Жалпы ережелер 

 

Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды  кәсіптік бағдарлауды диагностикалау және анықтау бойынша осы әдістемелік ұсыным (бұдан әрі - Ұсынымдар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтарын туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жасалған. 

2. Бұл Ұсынымдарда мынадай ұғымдар қолданылады:

  1. кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;
  2. кәсіптік бағдарды диагностикалау – білім алушылардың кәсіптік қызметте икемін өлшеу және анықтау процедурасы.
  3. кәсіптік сынақ - білім алушылардың болашақ мамандығына сәйкестігіне, таңдаған кәсіптік қызметке дайындық деңгейін анықтау мүмкіндігіне, нақты кәсіпте жұмысты орындауына мүмкіндік беретін жеке қабілеттерін қолдану мен ашылуына бағытталған кәсіптік қызмет түрінің элементтерін модельдеу. 
  1. Ұсынымдар әдістеме кабинетінің жетекшілеріне, орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлеріне және ата-аналарға арналған. 
  2. Ұсынымның мақсаты мен міндеті: 
  1. қоғамның кадрлық сұранысы мен адамның жекелей ерекшеліктеріне сәйкес білім алушыларда өз бетімен кәсіптік анықтауды қалыптастыру. 
  2. кәсіп таңдауда өзіндік мақсаттары қалыптасуын анықтайтын негізгі факторлардың білім жүйесіне сүйене отырып білім алушылар арасында  мақсатты кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу;
  3. кәсіптік бағдар, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыру, кәсіптік қызметті таңдау және жоспарлау, денсаулық жағдайы, өзіндік бейімділігі және жеке қызығушылығын есепке ала отырып жұмыс түрлері.
  1. Кәсіптік бағдарлау жұмысы әрбір оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және бейімділігін барынша анықтау мақсатында  педагогтарды, психологтарды, әлеуметтік педагогтарды, оқытушыларды қатыстыра отырып өздігінен анықтау әдістерін, анкеталарды, сауалнамаларды қолданар алдында білім алушылардың жетістіктері мен жеке психологиялық сипаттамаларын зерделеп жүргізіледі. 
  2. Кәсіптік диагностиканың нәтижелеріне сүйене отырып, білім алушыларға өздерінің кәсіптік ерекшеліктерін және өңірлік еңбек нарығындағы жағдайды салыстыруға мүмкіндік беретін кеңес беріледі. (мамандыққа деген сұраныс, маманның қызметін жоғарылату, орташа айлық жалақы және т.б.).).
  3. Мемлекеттік органдардың қызметін, орта білім беру ұйымын, отбасын, техникалық және кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын, басқа да әлеуметтік мекемелерді үйлестіру мақсатында кәсіптік бағдар берудің кешенді жүйесін құру ұсынылады.
  4. Білім алушылардың кешенді кәсіптік бағдар беру диагностикасына жатады:

1) психодиагностикалық зерттеу; 2) психологиялық портрет жасау;

  1. мамандыққа бейімділігін анықтау;
  2. ұсынылған мамандықты негіздеу;
  3. білім беру ұйымдарын географиялық орнына, жоғары оқу орындары арасындағы рейтингісін ескере отырып таңдау.
  4. Білім алушылар мен ата-аналарға кәсіптік ұсыныстар беру.

 

 

  1. бөлім.  Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың кәсіптік бағдарын анықтау және кәсіптік диагностикалауды жүргізу бойынша әдістемелік ұсыным.

 

  1. Білім алушыларды кәсіптік бағдарлауды диагностикалау және анықтау жүйесіне жатады:

1) кәсіптік ағарту; 2) кәсіптік диагностика; 3) кәсіптік кеңес беру. 

  1. Кәсiптiк бiлiм берудің базалық ақпараттық деңгейі ретiнде білім алушыларды кәсiби мәлiметтер арқылы мамандықтар әлеміне, ең танымал мамандықтардың мазмұны мен ерекшелiктерiне, мамандықты дұрыс таңдауға даярлау үшiн ғылыми, техникалық, әлеуметтiк-экономикалық, психофизиологиялық және құқықтық сипаттағы ақпараттарды беру арқылы қамтамасыз етедi.

Білім алушылардың кәсіптік бағдарлануының негізгі компоненті: оқу үдерісінің инвариантты және айнымалы бөлігі, қосымша білім беру және оқу үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау.

  1. Кәсіптік бағдарлаудың ажырамас құрамдас бөлігі ретінде кәсіптік диагностика қамтамасыз етеді:
  2. Білім алушының өзі туралы ойын қалыптастыру;
  3. өздігінен мамандықты анықтауға, кәсіптік өсуді болжауға көмектесу;
  4. жеке тұлғаның жеке қасиеттерін, оқушылардың қабілеттерін, бейімділігін және қызығушылығын ескере отырып, мамандықты таңдау.
  5. Кәсіптік диагностиканың міндеттері:
  6. мамандықты меңгеруде білім алушының бейімділігін және жеке қабілеттерін анықтау;
  7. кәсіптік білім бағдарын таңдауда 7 сыныптан бастап Үлгілік оқу жоспарынан пәндерді, кәсіптік білім беру ұйымдарына түсу кезінде Бірыңғай ұлттық тестілеуден өтуге арналған екі пәнді және 10-11 сыныптардағы қорытынды аттестацияны тапсыру үшін бесінші пәнді таңдауға көмек көрсету;    
  8. техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтарын таңдауға көмек көрсету;
  9. болашақ жоспарларды анықтау, мамандық туралы идеяларды қалыптастыру деңгейі, мотивация деңгейі, жеке сипаттамалары.
  10. Білім алушылардың кәсіптік диагностикасын бағдарламалықәдістемелік қамтамасыз етуде кәсіптік бағдар беру бағдарламалары, көп деңгейлі критерийлік аппараттар (кәсіптік қажеттіліктер, кәсіптік білім, кәсіптік қызметтің жолдары, белгілі профильдің кәсіптік маңызды қасиеттері, мамандықты таңдаудағы тәуелсіздік, мамандық таңдау себептері), диагностикалық құралдар (тесттер, сауалнама, анкеталар, диагностикалық карталар және т.б.).
  11. Кәсіптік диагностика келесі қадамдарды қамтиды:

1) Алдыңғы диагностика (5-7 сынып) кәсіптік білім бағдарын таңдауда 7 сыныптан бастап қосымша білім беру үйірмелерін, Үлгілік оқу жоспарынан пәндерді таңдауды және жеке тұлғаның сипаттамаларын зерттеуді көздейді: жеке тұлғаның құндылық бағдарлары, қызығушылықтары, қажеттіліктері, темпераменті, денсаулық жағдайы, кәсіптік қызметке бейімділігі мен ниеті.  2) аралық диагностика (8,10 сыныптар) алдыңғы диагностиканың деректерін түсіндіру және түзету;

3) тереңдетілген диагностика болашақ мамандықты анықтауда білім алушыдағы  басым қажеттіліктер мен мотивтерін айқындау, кәсіптік білім беру ұйымдарына түсу кезінде Бірыңғай ұлттық тестілеуден өтуге арналған екі пәнді таңдауға  және қорытынды аттестациядан (10-11 сыныптар) өту үшін бесінші пәнді таңдауға көмек көрсету.

  1. Кәсіптік диагностиканы дайындауға жатады:
  2. адамның психикалық қасиеттерін зерттеу;
  3. пәндер бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін талдау;

3)диагностикалық және кәсіптік бағдарлауға дайындықтың психологиялық-педагогикалық талдауы;

4) білім беру траекториясына қызығушылықтарын анықтау, атааналармен жұмыс жасау (сауалнама жүргізу және сұхбаттасу), олардың балаларының қабілеттері мен қасиетін бағалау.

  1. Кәсіптік диагностика нәтижелері бойынша білім алушы қол жеткізеді:
  2. интеллектуалдық даму деңгейінің көрсеткіштері түсіндіру және ұсыныстарымен; 
  3. күшті және әлсіз жақтарын көрсететін адамның психологиялық бейнесі, өнімді қарым-қатынас жасау бойынша ұсынымдар;
  4. тұлғаның кәсіптік портреті (мамандыққа бейімделу, белгілі бір мамандыққа қызығу).
  5. Кәсіптік диагностиканың аяқталуы бойынша психологтың жеке кеңесі, мамандықты таңдау бойынша жеке кеңес беру, техникалық және кәсіптік ұйымға қабылдау, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді таңдау ұсынылады.
  6. Кәсіптік кеңес беру - кәсіптік тұлғаны зерттеуге негізделген кәсіптік өздігінен анықтауға көмектесетін іс-шаралар жүйесі, соның ішінде кәсіптік диагностиканың нәтижесінде кәсіпті саналы таңдауда психологиялық-педагогикалық әсер ету.
  7. Кәсіптік кеңес берудің негізгі міндеттері:
  8. техникалық және кәсiптiк, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын анықтаған кезде білім алушыларға  және олардың ата-аналарына олардың таңдаған мамандығына өз әлеуетiн енгiзуге жәрдемдесу;
  9. техникалық және кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын іріктеудің негізгі өлшемдерімен танысу;
  10. техникалық және кәсіптік ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің түпкілікті таңдауын білім алушылар  анықтайды.
  11. Кәсіптік кеңес берудің негізгі кезеңдері:
  12. алдыңғы кәсіптік диагностиканың нәтижелері бойынша алдын-ала кәсіптік кеңес мамандандырылған пәндер мен болашақ мамандықты саналы және дұрыс таңдауға дайындайды (5-7 сыныптар);
  13. таңдап алынған мамандықты түсіндіру және түзету кезінде білім алушыға (8, 10 сыныптар) көмектесу үшін аралық кәсіптік консультация өткізіледі;
  14. соңғы кәсіптік консультациялар 10-11 сынып оқушыларына Бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыру, бесінші пәнді таңдау, 9 және 11 сыныптарда оқушылардың қызығушылығын, бейімділігін, психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау,  болашақ мамандықты соңғы рет таңдауға көмек көрсету мақсатында тереңдетілген диагностикалау нәтижелері бойынша жүргізіледі. 
  15. Мамандықты таңдау бойынша консультациялар орта білім беру ұйымдарының, отбасылардың, техникалық және кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.
  16. Кеңес беру барысында білім алушыны техникалық және кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау ережелерімен таныстыру қажет.
  17. Орта білім беру ұйымдарының барлық кәсіптік бағдар беру жұмыстарының қорытынды кезеңі кәсіптік кеңес беру болып табылады.

 

 

  1. бөлім. Мамандықты өзіндік анықтаудағы білім алушылардың кәсіптік бағдар беру диагностикасын ұйымдастыру

 

  1. Орта білім беруді ұйымдастыру - білім беру ұйымдары мен кәсіпорындардың ресурстарын кәсіптік бағдар беру қызметін құру арқылы білім алушыларға оқыту және оқыту-өндірістік іс-шараларды қамтамасыз ету, кәсіптік диагностика нәтижелерін бақылайтын үйлестірушісі.
  2. Кәсіптік бағдар берудің кешенді жүйесін ұйымдастыру үшін өңірдің кәсіпорындары, сұранысқа ие және перспективті мамандықтары, техникалық және кәсіптік ұйымдар, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу туралы ақпараты бар бірыңғай ақпараттық база құрылады
  3. Білім алушылардың  кәсіптік бағдарлануы анықталады: дәрістер, жобалар, кәсіпорындарға экскурсиялар.
  4. Орта білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері функционалдық міндеттерді анықтаумен қатар, білім алушыларға кәсіптік бағдар беруде мыналар кіреді:

1) директордың тәрбие жөніндегі орынбасары жауапты: жауапты тұлғалардың өзара әрекеттесу стратегиясын әзірлеу және білім алушылардың өздігінен анықтауын педагогикалық қолдау үшін олардың қызметін үйлестіру;

білім алушылардың өздігінен анықтауына ықпал ететін әлеуметтік әріптестер мен орта білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру; білім беру ұйымының тұжырымдамасына және білім беру бағдарламасына сәйкес мамандандырылған оқыту мен кәсіптік өздігінен анықтауға білім алушылардың  дайындығын қалыптастыру бойынша профессор-оқытушылар құрамының жұмысын жоспарлау; осы саладағы педагогикалық ұжымның қызметін талдау және түзету (білім алушылардың өздігінен анықтауға бағытталған тәрбие жұмысының жүйесін ұйымдастыру бойынша пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің кеңес беруі: кәсіптік білім беру, кәсіптік кеңес беру, кәсіптік диагностика, жеке білім беру траекториясын анықтау; жоғары сынып оқушыларын даярлау, арнайы дайындық және кәсіптік өздігінен анықтау мәселелері бойынша педагогикалық кеңестерді, өндірістік кездесулерді өткізу; пәндік олимпиадаларға дарынды балалардың қатысуын ұйымдастыру; сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне және оқушылардың өздігінен анықтау мәселелері бойынша мектеп психологына біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; сынып жетекшілерінің, пән мұғалімдерінің және мектеп психологының

жұмысының бақылау функцияларын жүзеге асыру; алдын ала даярлау және арнайы білім беру жүйесінде оқушыларға

арналған сабақтар ұйымдастыру; 2) сынып жетекші:

оқушылардың өздігінен анықтауы үшін педагогикалық қолдау жоспарын, оның ішінде оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін белсендіретін әртүрлі нысандарды, әдістерді және құралдарды әзірлейді; жеке және топтық қызметте жоғарылауға бағытталған әңгімелерді,

пікірталасты, конференцияларды ұйымдастырады;

- білім алушылардың  бейімділігін психологиялық-педагогикалық бақылауды жүргізеді (бақылау, сауалнама, тестілер білім алушының жеке картасында жазылады); білім алушыға  жеке білім беру траекториясын құруға, бейінді оқыту нұсқаларын модельдеуге, жетістіктерді талдауды жүзеге асыруға, өзінің портфолиосын жасауға көмектеседі; университеттерде және орта кәсіптік оқу орындарында білім

алушылардың  ашық есік күндерін ұйымдастырады; білім алушыларға кәсіпорындарға тақырыптық және жан-жақты

экскурсиялар ұйымдастырады; мектеп психологына сауалнама жүргізуде, білім алушылар мен

олардың ата-аналарына өздігінен анықтауға көмектеседі; білім алушылардың  кәсіптік және кәсіптік өздігінен анықтауға

дайындығын қалыптастыру бойынша ата-аналық кездесулер өткізеді;

мектеп түлектері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерімен кездесулер ұйымдастырады.

3) пән мұғалімдері:

семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, пәндік апталар, конкурстар, элективті курстар, қабырға газетінің конкурстары, үйге арналған жұмыстар және т.б. әр түрлі әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, білім алушылардың  тұлғалық шығармашылық бағыттылығын қалыптастыруға көмектеседі.

білім алушыларға қызметте жоғарылауға бағдарланған бағдар беруді қамтамасыз ету, білім алушылардың  жалпы еңбек және кәсіптік маңызды дағдыларын қалыптастыру;  мектеп оқушылары арасында дербес өздігінен бағалауды

қалыптастыруға үлес қосу; білім алушылардың  қабілеттері мен ерекшеліктерін анықтау үшін

бақылау жүргізеді. 4) кітапханашы:

үнемі мамандық пен мамандықты таңдауға көмектесетін әдебиеттерді

таңдайды; оқушылардың оқуға қызығушылығын зерттейді және мамандық таңдау туралы әдебиеттерді ұсынады; мамандықтар мен оқырмандар арасындағы пікірталас, конференциялар туралы кітап көрмелерін ұйымдастырады;

әдістемелік материалдарды, кадрлардағы және басқа да материалдардағы (суреттер, кесінділер, диаграммалар, проспектілер, мамандықтардың сипаттамасы) аймақтағы қажеттіліктері туралы анықтамалық деректерді жинақтайды және жүйелейді; салалар мен салалардағы (инжинерлік, көлік, құрылыс, өнер әлемінде

және т.б.) мамандықтар бойынша көрмелер ұйымдастырады, 5) әлеуметтік тәрбиеші:

Кәсіптік және өмірді өздігінен анықтау процесінде тәуекелге ұшыраған балаларды педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді; білім берушілерге әлеуметтік кеңес береді;

білім алушының өздігінен анықтау процесіне кедергі келтіретін әлеуметтік факторларды талдау мен бағалауда сынып жетекшісіне көмектеседі.

6) педагог-психолог:

білім алушылардың  кәсіптік қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін

зерттеуді ұйымдастырады; білім алушылар мен олардың ата-аналарына сауалнама жүргізу арқылы оқушының кәсіптік және мамандықты өздігінен анықтауға дайындығын бақылайды; білім алушыларға кәсіптік бағдарлау бойынша тренингтер өткізеді; ата-аналар мен мұғалімдерге таңдау тақырыбына арналған әңгімелер,

психологиялық білім беру;

                білім    алушылардың         жас     ерекшеліктерін     ескере    отырып,

психологиялық консультациялар жүргізеді; білім алушылар арасында өздігінен бағалауды қалыптастыруға ықпал

етеді;

ата-аналарды өз мамандығы туралы айтуға шақырады, оларды

топтардың көшбасшылары ретінде жұмысқа тартады; білім алушылардың  қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін талдау

және бағалау кезінде сынып жетекшісіне көмектеседі; кәсіптік диагностика деректер базасын жасайды.

7) медицина қызметкері:

салауатты өмір салтын орнатуды қалыптастыруға ықпал етеді; қызметтегі кәсіптік табыстар мен денсаулық арасындағы қарым-қатынас туралы тыңдаушылармен сөйлеседі;

денсаулықтың қызметтегі кәсіптік табыстарға әсер ету туралы кеңес береді; сынып оқушыларына, психологқа және әлеуметтік тәрбиешілерге білім алушылардың  қызметін талдауда көмек көрсетеді.

28. Орта білім беру ұйымын техникалық және кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен өзара ісқимыл мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. мектеп мәселелерін шешуде орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының іргелі және арнайы білім негізінде өзара қарым-қатынасы; 
  2. болашақ кәсіптік білім алуға дайындалу үшін білім алушылардың кәсіптік бағдарлануы мен өзін-өзі анықтауы;
  3. білім мазмұнын мамандандырылған пәндерді оқуға бағдарлау;
  4. факультативтік сыныптарға және өзін-өзі оқытуға арналған бірлескен оқу-әдістемелік оқу құралдарын әзірлеу.

29. Техникалық және кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының міндеттері:

  1. еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіптерді насихаттау; 2) білім алушылардың кәсіптік диагностикасы, кәсіптік бағдарлануы және өзін-өзі анықтауы;

3) білім алушылардың кәсіптік шеберліктері мен қабілеттерін оқыпүйрену, кәсіптік мүмкіншіліктер, мамандықтың түрлері туралы хабардар ету мақсатында тренингтер, элективті курстар мен курстар өткізу.

  1. Жұмыс берушілер кәсіптік бағдарлауға қатысады, олардың базалық білімдерін, кәсіптік қызметтің дағдылары мен қабілеттерін игеруге, өндірістік ортадағы мамандардың қызметін көрсете отырып, білім алушыларды кәсіптік бағдарлауды келесі бағыттар бойынша жүргізеді: 
  2. мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында білім алушылардың кәсіптік бағдарлануына және диагностикасына қатысу;
  3. оқу-өндірістік кешендер мен кәсіпорындар базасында білім алушыларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру.
  4. Әлеуметтік әріптестік техникалық және кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, әлеуметтік қызметтер, жұмыспен қамту орталықтары және ұйымдармен жүзеге асырылады, орта білім беру ұйымдарының түлектеріне кәсіптік перспективаларды қалыптастыру, танымал мамандықтарға бағдарлау және қызмет бабымен өсуді жоспарлау үшін жағдайлар жасайды.
  5. Әлеуметтік әріптестіктегі кәсіптік бағдарлау жұмысы болашақ мамандықты таңдау туралы хабардарлықты қалыптастыратын негізгі факторларды білуге негізделеді:
  6. сыныпта әртүрлі қызмет/мамандық түрлеріне қызығушылық танытатын тақырып бойынша сауалнама;
  7. қызығушылықтар, қабілеттер мен тұлғалық қасиеттерді зерттеу үшін тестілеу;
  8. топтық және жеке кәсіптік кеңес беру;
  9. жекелеген проблемалық жағдайларды диагностикалау үшін түрлі жас санаттарындағы білім алушыларды тестілеу және кеңес беру;

Қызметтегі өсу жолдарына жоспар құруда кеңес беру;

  1. Кәсіптік бағдарлаудың барлық кезеңдерін өткізудің маңыздылығын түсіндіру бойынша тренингтер;
  2. Кәсіптік сынақтар;
  3. еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жастардың құқықтары туралы кеңес беру.
  4. Кәсіптік сынақтар мекемелерде және оқу-өндірістік кәсіпорындарда жүргізіледі.
  5. Мұғалімдердің, жұмыс берушілердің, техникалық және кәсіптік ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандарының қатысуымен кәсіптік сынақтарды жүргізу үшін келесі жағдайлар жасалады:
  6. «мектеп -ТКБ–ЖОО-өндіріс» бірыңғай білім беру кеңістігінде кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру;
  7. Оқу үдерісіне оқу-өндірістік тапсырмалар кешені, соның ішінде ауыспалы бөлігі (кәсіптік бағдарланған курстар);
  8. білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау, соның ішінде кәсіптік ақпарат, кәсіптік диагностика, кәсіптік бағдар беру.
  9. Білім алушылардың өздерінің болашақ мамандықтарын таңдауына бағдарлау және даярлау критерийлері:
  10. техникалық және кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуға құндық бағдар қалыптастырудың алғышарты ретінде орта білім беру ұйымында оқытуға саналы көзқарас;
  11. «мектеп -ТКБ–ЖОО-кәсіпорындар» траекториясы бойынша орта білімнен кейінгі білім беру контекстінде құндылық бағдарларын қалыптастыру;
  12. ары қарай кәсіптік оқыту барысында  жеке және кәсіптік мақсаттарды жүзеге асыру.

 

 

4 бөлім. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды диагностикалаудың және кәсіптік бағдарлаудың нысандары мен әдістері

 

  1. Диагностика және кәсіптік бағдарлау нысандары:
  2. жеке тұлғамен - нақты білім алушылармен жұмыс істеу (сұхбат, кеңес беру, жеке диагноз);
  3. топтық – топпен жұмыс істеу (сабақ, ойын, сұхбат, топтық диагностика, семинар, тренинг);
  4. жалпылай– көптеген білім алушылармен жұмыс істеу (мектепаралық кәсіптік іс-шаралар, он-лайн тестілеу, білім беру ұйымдарының тұсаукесерлері, жәрмеңкелер, форумдар, кәсіптік сынақтар).
  5. Кәсіптік бағдар берудің белсенді формалары: психологиялық және әлеуметтік-психологиялық тренинг коммуникативтік дағдыларды дамытады және тәуелсіз шешімдерді қабылдау қабілеті, кәсіптік бағдарлау ойындары кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерді дамытуға оң әсер етеді, білім алушыларды жаңа дағдыларды дамытуға ынталандырады.
  6. Кәсіптік бағдар берудің пассивті формалары: әңгімелер, лекциялар, видеороликтерді көру, білім алушыларға кәсіптік кеңес беру, ата-аналарға кеңес беру, «мамандық жәрмеңкелеріне» бару, «Сіздің кәсіптік болашағыңыз» стендтік дизайн, «Бітірушілер кеңесі», білім алушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі.
  7. Жеке тұлғаның қызығушылығын анықтау анкеталар, сауалнамалар, сыныптағы оқушының әрекеттерін қадағалау, оларды кейіннен қарау және талдау, кітапхана нысандарын зерттеу, ата-аналармен және пән мұғалімдерімен әңгімелесу негізінде жүзеге асырылады.                                          
  8. Білім алушыларды диагностикалаудың барлық әдістерін және нысандарын қолдана отырып, кешенді кәсіптік диагностиканы жүргізу білім алушыларға кәсіптік бағдар беруде аса тиімді.
  9. Психодиагностикалық кәсіптік бағдарлау әдістерін таңдау кезінде келесі талаптарды басшылыққа алуы керек:
  10. жеке тұлғаның қызығушылықтары мен қабілеттерін білім алушыларға түсінікті және ыңғайлы пайдалану мүмкіндігін анықтауға негізделген репрезентаттық, сенімділік және анықтық;
  11. Әдіснаманы өткізу тәртібі тапсырмаларды беру және жауаптарды өңдеудің алгоритмін, соның ішінде статистикалық әдістерді есепке алу және тестілеу ұпайын (статистикалық немесе критериалды тест стандарттарына сәйкес) стандарттау әдістерін қамтиды. 
  12. білім алушы туралы жеке мәліметтер құпия болып табылады.
  13. Кәсіптік диагностика өткізу барысында «білім алушының кәсіптік бағдар беру картасы» жүргізіледі. Сынып жетекшісі және психологпен бірге білім алушының қызығушылықтары мен бейімділігін қадағалау, уақытында түзету және кәсіптік диагностиканың қосымша нысандарын айқындауда кәсіптік кеңес беру, пәндерді тереңдете оқып-үйрену бойынша ұсыныстармен қамтамасыз етіледі.
  14. Кәсіптік диагностика және кәсіптік бағдар беру әдістері:   1) ақпараттық- анықтамалық ағартушылық әдістері бөлінеді:

мамандықтардың қысқаша сипаттамасымен мамандықтарға (өндірістік процестердің сипаттамалары және кәсіптік тапсырмалар, еңбек жағдайлары, оның ішінде көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштердің тізбесі, адаманың жеке ерекшеліктері бойынша мамандықтардың талаптары...);  анықтамалық әдебиеттер (мамандықтардың сипаттамасы бойынша

арнайы басылымдар);  ақпараттық-іздеу жүйелері (нысандар, карталар, компьютерлік дерекқорлар, жарнама, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына экскурсиялар, кәсіпорындарда белгілі кәсіптік мамандарымен кездесулер, дәрістер, «Мамандықтар жәрмеңкесі»;

  1. Кәсіптік психодиагностика әдісі - әңгіме-сұхбат, кәсіптік ынталандыру сауалнамасы, жеке сауалнама жүргізу, жобалық жеке сынақтар, байқау, ақпарат жинау, психофизиологиялық сараптама, кәсіптік сынақтар, тренингтер, еңбек процесінде, арнайы тренажерларда байқау және үйрену, медициналық тексеруден өту арқылы адамдардың кәсіптік қызығушылықтарын анықтау, сондай-ақ олардың жеке сипаттамаларын диагностикалау.
  2. Шешімдерді таңдауға және қабылдауға жәрдемдесу, сондай-ақ белгіленген мақсатты жүргізу асыруда іс-қимылдардың бірізділігі.

 

Жаңартылған күні: 28.09.2019 14:16
Құрылған күні: 28.09.2019 14:16

Текст