«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайын ауданы   бойынша білім бөлімі Державинск      қаласының   Надежда  Крупская атындағы № 1 мектеп-гимназиясы»    коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммульнальное госдарственное учреждения «Школа-гимназия № 1 имени Надежды Крупской города Державинск по Жаркаинскому району управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептегі «Қауіпсіздік белдіктерін тексер!» акциясы

Мектебімізде «Қауіпсіздік белдіктерін тексер!» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – мектеп автобусын пайдаланатын оқушылардың қауіпсіздігін арттыру.

Акция барысында мектеп автобусының техникалық жағдайы тексерілді:
– қауіпсіздік белдіктерінің бар-жоғы және жарамдылығы қаралды;
– орындықтардың бекітілуі мен салонның жағдайы тексерілді;
– төтенше шығу есіктерінің жұмысы бағаланды;
– көліктің жалпы техникалық жағдайына бақылау жүргізілді.

Мұғалімдер мен еріп жүретін тұлғаларға оқушыларды отырғызу кезінде және жолда қауіпсіздік белдіктерін міндетті түрде тексерудің маңыздылығы ескертілді. Оқушыларға автобус ішіндегі тәртіп ережелері мен әр жолы белдік тағудың қажеттілігі түсіндірілді.

Акцияның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін қалыптастыру.


Текст