"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
30 минут
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Көрсетілетін қызметті алушыдан қағаз жеткізгіште құжаттарды қабылдау кезінде есептен шығару талонын береді немесе дәлелді бас тартады.
Білім беру ұйымдары білім алушыны орта білім беру ұйымына/ұйымынан қабылдау/ шығару туралы бұйрықтар шығарады және салыстыру жүргізеді.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері
|
Тегін
|
7
|
Жұмыс уақыты
|
1) ҚР Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
- портал арқылы:
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 2-қосымшасының нысанына сәйкес өтініші (келу мектебі мен кету мектебіне);
- көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз түрінде)
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 2-қосымшасының нысанына сәйкес өтініші (келу мектебі мен кету мектебіне);
2) талон;
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы
2) Өтініш беру мерзімі осы ережелерде белгіленген мерзімге сәйкес келмейді
|