КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өркен» институтынан педагогтер мен ата-аналарға арналған жаңа ресурстар

03.12.2025

 

Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент

калаларының білім басқармаларына

 

Жалпы орта білім беру ұйымдары білім алушыларының буллингтің алдын алу, сондай-ақ әртүрлі саладағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру мақсатында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты «Кибербуллинг» бойынша ақпараттық постерлер әзірледі.

Сондай-ақ, институт «ИНАБАТ» ғылыми-әдістемелік журналын шығарады, ол мұғалімдерді, ата-аналарды, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды қызықтыратын тақырыптар бойынша әртүрлі материалдарды тегін жариялайды.

   Журналдың мақсаты: Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік қызметті айқындау; ЮНИСЕФ-тің балалардың әл-ауқаты туралы тұжырымдамасының стандарттары мен талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарының өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау және қолайлы, психологиялық-жайлы білім беру ортасын құру жөніндегі тәрбие жүйесін жетілдіру мәселелерін баяндау.

Басылым «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелген (2024 жылғы 15 наурыздағы №kz52vpy00089109 куәлік).

Сіздерден:

  • аталған материалдардың білім беру ұйымдарында таратылуын және орналастыруын ұйымдастыруды;
  • материалдарды оқушылармен, педагогтермен, ата-аналармен жүргізілетін жұмыста, сынып сағаттары, тренингтер, жиналыстар форматында, сондай-ақ жазғы сауықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануды;
  • осы материалдарды білім беру ұйымдарының сайттары мен әлеуметтік желілерінде орналастыруды ұсынуларыңызды сұраймыз.

 Барлық материал электрондық форматта қолжетімді және білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде және профилактикалық жұмысында еркін пайдаланылуы мүмкін.

Материалдар келесі сілтеме бойынша қолжетімді:

1. Журнал сілтемесі: https://orken-instituty.kz/ru/journal/journals  

          2. Ақпараттық постерлер: https://cloud.mail.ru/public/dHRB/58bQrEgcp/%D0%9A%D0%98%D0%91%D0%95%D0%A0%D0%91%D0%A3%D0%9B%D0%98%D0%9D%D0%93%20%D0%9F%D0%9E%D0%A1%D0%A2%D0%95%D0%A0%D0%AB

 

Президент м.а.                                                             Е. Н. Сакенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 815


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст