«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы   бойынша білім бөлімі Державинск    қаласының   Надежда  Крупская атындағы № 1 мектеп-гимназиясы»    коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 1 имени Надежды Крупской города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Кітап оқитын ұлт» – оқуға құштар ұлт!

03.11.2026

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны кітап оқуды сүйетін жандарды біріктіріп, оқушыларды әдебиет әлемін тануға, ой-өрісін кеңейтуге және оқыған шығармалары туралы өз әсерлерімен бөлісуге шабыттандырады.

Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушылары марафонға белсенді қатысып, кітаптарды тұрақты оқып, оқыған шығармаларына пікір жазады. Өз ойларын, алған әсерлерін, түйген тұжырымдарын ортаға салып, ұнаған кітаптарын қатарластарына ұсынады.

Балалар үшін мектеп кітапханасы тек білім алатын орын ғана емес, сонымен қатар кітап оқуға, ойлануға және өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беретін жайлы ортаға айналып келе жатқаны қуантады. Әр оқушы өзіне ұнаған кітапты таңдап, оның қызықты әлеміне бойлайды, кейіпкерлердің іс-әрекетін талдайды, оқырмандық жаңалықтарымен бөліседі.

Өйткені әрбір оқылған кітап – жаңа білім, тың идея, жарқын әсер және тұлғалық дамуға жасалған тағы бір қадам!

📖 Кітап оқыңыздар, ой бөлісіңіздер, әсерлеріңізбен бөлісіп, бір-біріңізді шабыттандырыңыздар!

Кітап оқу әрқайсымыздың өміріміздің ажырамас бөлігіне және ізгі әдетке айналсын!

#КітапОқитынҰлт #ЧитающаяНация #КітапОқу #ОқырманМектеп #МектепКітапханасы #Державинск

Просмотров: 93


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст