Текст
05.02.2026
02.02 күні 6 «В» сыныбында «Жасампаздық пен жаңашылдық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар «Білім бәйгесі» форматындағы «Ақыл-ой сайысы» ойынына қатысып, өз білімдерін, тапқырлықтарын және топта жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Сонымен қатар, қауіпсіздік техникасы бойынша әңгіме жүргізіліп, оқушылар мектепте және күнделікті өмірде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске түсірді.
Сынып сағаты мазмұнды әрі қызықты өтті, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, жауапкершілік пен жаңашылдыққа деген қызығушылығын арттырды.
Сынып жетекшісі: Қасач Денис Андреевич