«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы   бойынша білім бөлімі Державинск    қаласының   Надежда  Крупская атындағы № 1 мектеп-гимназиясы»    коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 1 имени Надежды Крупской города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Инфосағат «Халық жүрегінің ақыны — Мұқағали Мақатаев»

12.02.2026

9 ақпан күні мектебімізде қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған инфосағат өтті.

Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмірбаянымен, шығармашылық жолымен және поэзиясындағы негізгі тақырыптармен танысты. Мұқағали жырларындағы Отанға деген сүйіспеншілік, анаға құрмет, өмір мен адам жаны туралы терең толғаныстар ерекше әсер қалдырды.

Кездесу барысында ақынның шынайылық пен философиялық ойға толы өлеңдері оқылып, оның шығармаларының бүгінгі күндегі өзектілігі талқыланды. Сонымен қатар, ақын өлеңдеріне жазылған әндер тыңдалып, оқушылардың қызығушылығын арттырды.

Инфосағат жас ұрпаққа нағыз өнердің уақытпен өлшенбейтінін, оның халық жүрегінде мәңгі сақталатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

✨ Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы — халықтың жан дүниесі мен ар-ұжданының үні.

Просмотров: 699


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст