Текст
17.02.2026
Сабақ барысында оқушылар функция ұғымын қайталап, оның берілу тәсілдерін еске түсірді және функцияның белгілі мәні бойынша аргументтің мәнін табу алгоритмін қарастырды. Теориялық білім практикалық тапсырмалар арқылы бекітілді. Оқушылар есептер шығару кезінде өз ойларын дәлелдеп, математикалық талдау жасау дағдыларын көрсетті.
Сабақта жұптық және жеке жұмыстар ұйымдастырылып, сараланған тапсырмалар берілді. Оқушылар белсенділік танытып, тақырыпты жақсы меңгергендерін көрсетті.
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтіп, білім алушылардың дайындық сапасы мен мұғалімнің кәсіби шеберлігін айқын көрсетті.