"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі  Державин қаласының Надежда Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Надежды Крупской города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ы.Алтынсарин белгісімен марапаттауға үміткер.

27.06.2023

Жолдыбаев Газиз Сейтжанович білім беру жүйесінде 30 жыл жұмыс істейді. Мұғалімнің теориялық әдістемелік дайындығы жақсы, пән бойынша өзінің сабақтары және сабақтан тыс жұмыстарын табысты жоспарлайды, дене шынықтыру және спортпен айналысуға оқушылардың тұрақты қызығушылағын қаматамасыз етеді, үлкен әдістемелік жұмыс жүргізеді, мектеп, аудан, облыстағы өз әріптестерімен тәжірибесімен еркін бөліседі.

Жолдыбаев Газиз Сейтжанович Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын 2006 жылы дене шықтыру мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1985 жылдан осы уақытқа дейін Ақмола облысы, Жарқайың  ауданы, Державин қаласының  Надежда Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде АӘД және дене шынықтыру мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Жалпы еңбек және педагогикалық өтілі- 37 жыл

Педагогикалық қызметі үшін Ақмола облысы білім басқармасының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, "балаларға арналған Алтын жұлдыз" төсбелгісімен, Кеңес Одағының екі мәрте батыры авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов медалімен марапатталған, 

Қазақ КСР бірінші министрі, Кеңес Одағының Батыры С. Нұрмағамбетовтің 90 жылдығына арналған медальмен марапатталды. 

 Ғазиз Сейтжанұлының тәрбиеленушілері үнемі жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болады:

- облыстық әскери-спорттық жарыс (Жас Ұлан) 1 орын - 2018 жыл

- "Мен Чемпион" облыстық жарысы 1 орын-2019 жыл;

- облыстық әскери-патриоттық жарыс (Алау) 1 орын-2019 жыл;

- облыстық әскери-патриоттық жарыс (Айбын) 2 орын - 2019 жыл;

- облыстық әскери-патриоттық жарыстар (Айбын) 1 орын - 2022 жыл;

- "Отан қорғаушы" облыстық әскери-патриоттық жарысы 2 орын-2023 жыл.

Кандидатура «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ комиссиясының 2023 жылғы 31 тамыздағы №5 хаттамасы бойынша талқыланған және ұсынылған. "Ы.Алтынсарин"  төсбелгісімен марапаттауға ұсынылады.

Просмотров: 654


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст