Текст
09.11.2026
Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиетінің бай мұрасын дәріптеуге, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыруға бағытталған қазақ тілі онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
Онкүндік аясында оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен, әдебиетімен жақынырақ таныстыру, тіл байлығын дамыту және мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі танымдық, шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Тіл – халықтың жаны, ұлттың асыл қазынасы. Ана тілімізді құрметтеп, қадірлеу – әрқайсымыздың парызымыз!
Барша қатысушыларға сәттілік, шығармашылық шабыт және жарқын жетістіктер тілейміз!
Тіл – татулықтың тірегі, ұлттың жүрегі! 🇰🇿