Текст
07.09.2026
Олардың ішінде қазақ тілінде білім алатын бір сынып және орыс тілінде білім алатын үш сынып бар. 🇰🇿🇷🇺
Бүлдіршіндеріміз үшін мектеп өмірінің жаңа әрі қызықты кезеңі басталды. Алғашқы қоңырау, алғашқы ұстаз, жаңа достар, алғашқы сабақтар мен ұмытылмас мектеп жаңалықтары — мұның бәрі олардың жүректерінде ерекше естелік болып қалары сөзсіз.
Қымбатты бірінші сынып оқушылары! Әрбір мектеп күндеріңіз қуанышқа, қызықты білімге, жақсы достыққа және жарқын жетістіктерге толы болсын!
Армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық болып, білім жолында биіктерден көріне беріңіздер!
Үлкен әрі тату мектеп отбасымызға қош келдіңіздер, кішкентай оқушыларымыз!