«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2024 жылдың 1 тамыздан бастап, аяқталуы - 2024 жылдың 30 қыркүйегінде деп жоспарлануда.
Қаржылық және материалдық көмек алу үшін мектепке растайтын құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі;
4) неке қию немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
5) 158 Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру қорытындысы (отбасының табысы).
Мерзімі өткен құжаттар немесе құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, мектеп өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Айта кетейік, 2023 жылы «Мектепке жол» акциясы бойынша 746,9 млн. теңгеге 20 мыңнан астам ақмолалық бала материалдық көмек алды