"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі  Державин қаласының Надежда Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Надежды Крупской города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасы Жолдауы-Жаңғыру Жолы

14.01.2018

                   Елбасы жолдауы-жаңғыру жолы

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына өз Жолдауын арнап, тәуелсіз Қазақ­станның дамуының басты бағыттарын белгілеп келеді.  Биылғы жылғы

жолдаудың ерекшелігі жаңа цифрлы дәуір жағдайында өнеркәсіптік жаңару мақсатына

қол жеткізуіміз керек екендігін баса айтты. Өнеркәсіптік жаңару жолының 10 бағытын атап өтті. Бұл бағыттарда тұрғын үй мәселелерінің оңтайлы шешім табуы,банк жүйесінің қор нарығына өтуі, өнеркәсіп деңгейінің зияткерлік басқару арқылы жоғарылауы, әлеуметтік өтемақыларының жыл сайынғы өсуі, мұғалімдер жалақысының біліктілігіне сәйкес жоғарылауы, денсаулық сақтау саласындағы елеулі өзгерістердің орын алуы, жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының күшейтілуі жайында айтылды.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің барлығы білім, білік, оқу мен зерделеу арқылы жасалған Осы орайда білім саласы ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаевтың назарына ешқашан тыс қалған емес. Мұндай қамқорлықты Елбасының әрбір Жолдауынан айқын аңғарамыз. Соның нәтижесінде егемен еліміз әрқашанда жаңа биіктерді ба­­ғын­дырып, бүгінгі күні «Қа­зақстан-2050» Стратегиясын қа­был­даған, ең дамы­ған 30 елдің қатарына жету мақсатын көздеген айбынды мемлекетке айналды.Қ Р Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бүгін жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін ұсынған 10 міндетінің жетіншісі де «Адами капитал –жаңғыру негізі» деп аталып, білім берудің жаңа сапасына қалай жетуді нақтылап берген. Онда Елбасы: «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы

өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға

тиіс», – деп бастап білім беру саласындағы дара даму, ерекше оқыту сапасы, білім

бәсекелестігін арттыру жолындағы өзгерістер мен жаңартылған мазмұны туралы

нақты қадамдарды анық жеткізген. Орта білім беру саласының жаңартылған

мазмұнға көшуі туралы өте ұғынықты жеткізіліп, бұл – мүлде жаңа бағдарламалар,

оқулықтар, стандарттар және кадрлар деп дәл түсінік қалыптастырады.

Сондай-ақ, тіл меңгерудің қазақстандықтардың болашағы екендігін, терминология туралы көзқарасын, латын әліпбиіне көшу мәселесін, цифрлық білім беру ресурстарын

дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен

жабдықтау жұмыстарын дамыту туралы да жан-жақты айтылған.

Елбасы мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыту «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы екендігін: «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ, заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс», – деген сөзі арқылы білдірді.

Елбасы мұғалім мәртебесін арттыру мақсатын да алға тартады, басты назарда ұстайды. Биылғы Жолдауда осы мақсатта қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажеттігі айтылып, білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырған.

Елбасымыз өз Жолдауында көптеген мәселелердің мәнін айқындап берді. Әсіресе «Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады. Оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі» деуі халыққа жасалған кезекті қамқорлық деп білеміз.

Болашаққа нақты мақсат қойып, оған нық қадам жасағанда ғана ел болашағы жарқын, ел мерейі үстем болмақ. Елбасының биылғы жолдауы әр қазақстандықтың ертеңге деген сенімін оятып, ұлттық мүдде үшін күш-жігері мен зияткерлік ойеңбегін аямайды.


Просмотров: 311


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст