ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 29 мамыр форматта және ZOOM интернет-платформасында онлайн-режимде «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистердің республикалық форумын өткізеді.
✔️Форум экологиялық мәдениетті насихаттау, азаматтық сананы қалыптастыру, республика мектептеріндегі экологиялық қызметті жандандыру, жеке тұлғаны шығармашылық дамыту, оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы, қоғамдағы өмірге бейімделу, мазмұнды бос уақытты ұйымдастыру мақсатында өткізіледі.
✔️Форумның міндеті қоршаған ортаға қатысты белсенді өмірлік ұстанымы бар экологиялық жауапты ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Өскелең ұрпақты табиғатты қорғау қызметіне тарту олардың кәсіби бағдары мен азаматтық ұстанымын қалыптастырады.
✔️Форумға облыстық, қалалық кезеңдерінің 180 жеңімпаздары қатысады. Қашықтық режимде қатысушылар «Жасыл мектеп» – экологиялық білім беру жобалары, волонтерлік жобалар және қоғамдық ұйымдардың іс-шаралары зерттеу жобаларын қорғайтын болады. Оларға экология саласындағы нақты білімдерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулері мен өнертабыстарын көрсетуге мүмкіндік беріледі.
✔️Форум аналитикалық ойлауды қалыптастыруға және дамытуға, өскелең ұрпақты зерттеу-практикалық қызметке белсенді қатысуға, табиғатты қорғау міндеттерін шешуге практикалық қатысуға тарту үшін жағдайлар жасауға ықпал етеді.
✔️Форум экологиялық мәдениетті насихаттауға, азаматтық сананы қалыптастыруға, республикалық білім беру ұйымдарында экологиялық қызметті жандандыруға бағытталған.
❗Форум жеңімпаздары дипломдар мен сыйлықтар, жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттар, ал барлық қатысушылар сертификаттар алады.