БҮГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ҚАДАМ!
26.11.2026
2026 жылғы 25 қарашада Н. Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясы мен Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласындағы №31 орта мектебі арасында Яндекс Телемост платформасында бірлескен онлайн кездесу өтті.
Кездесу барысында екі білім беру ұйымының өкілдері таныстырылып, халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді келісу және қол қою тәртібі талқыланды.
Сонымен қатар білім алушыларға экологиялық тәрбие беру бағытындағы бірлескен жобаның негізгі міндеттері мен оны жүзеге асыру жолдары қарастырылды.
Кездесу өзара тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және алдағы бірлескен жұмыстарға негіз болды.
Просмотров: 35