2026 жылғы 17 қарашада мектепте оқушылардың сабаққа қатысу мәселелері бойынша Профилактика кеңесінің отырысы өткізілді.

18.11.2026

Отырыс барысында оқушылардың сабаққа себепсіз қатыспау жағдайлары, сабақтарды жүйелі түрде босатуы және сабаққа кешігу фактілері қарастырылды. Оқушылардың сабаққа келмеу себептері талданып, сынып жетекшілерінің ата-аналармен және оқушылармен жүргізген жұмыстары талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, оқушылар мен ата-аналардың сабаққа тұрақты қатысуға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған профилактикалық шаралар белгіленді.

Сынып жетекшілеріне оқушылардың сабаққа қатысуын бақылауды күшейту, сабақтан жиі қалатын оқушылармен және олардың отбасыларымен жеке профилактикалық жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.

Профилактика кеңесінің негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қараусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың сабаққа міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету және әрбір баланың сапалы білім алуына жағдай жасау.

Просмотров: 35


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу