Мектебімізде дәстүрлі «Күзгі бал» мерекесі жоғары деңгейде өтті!
14.11.2026
Мерекеге 2–11-сынып оқушылары қатысты. Әр сынып өз жас ерекшеліктеріне сәйкес жеке буын бойынша өнер көрсетіп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, таланттары мен шеберліктерін танытты.
Кеш барысында әсем әуендер шырқалып, қызықты өнер көрсетілімдері мен ерекше күзгі бейнелер көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушылар өздерінің тапқырлығын, өнерін және ұйымшылдығын көрсетті.
Күзгі бал – оқушылардың шығармашылығын шыңдап, достық пен бірлікті нығайтатын ерекше мереке.
Осы тамаша шараның өтуіне атсалысқан барлық оқушыларға, сынып жетекшілеріне және ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!
Күздің шуақты сәттері мен әсем бояулары әр күнімізге қуаныш сыйласын! 🍁
Просмотров: 35