16.10.2026
2026 жылғы 16 қазанда 5–6-сынып оқушылары арасында шағын футболдан облыстық аймақтық турнир өз мәресіне жетті.
Жарысқа Атбасар, Жақсы, Есіл, Сандықтау және Жарқайың қалалары мен аудандарынан бес команда қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша Жарқайың ауданының намысын қорғаған Державинск қаласындағы Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясының командасы құрметті III орынды иеленді! 🏆⚽
Жас футболшыларымызды лайықты нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – табанды жаттығудың, командалық бірліктің және жеңіске деген ұмтылыстың нәтижесі. Жас спортшыларымызға алдағы жарыстарда сәттілік, жаңа жеңістер және биік белестер тілейміз!
Сонымен қатар жас спортшыларға қолдау көрсеткен демеушілерімізге ерекше алғыс білдіреміз:
🔹 «Отто» шаруа қожалығы – Люц Я. А.
🔹 «Татьяна и К» шаруа қожалығы – Владимир Камышанский.
Балалар спортының дамуына және жас ұрпақты қолдауға қосқан үлестеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!
Жарқайың ауданы – жаңа жеңістерге бірге қадам басайық! ⚽🥉🏆