Текст
16.10.2026
2026 жылғы 12–23 қазан аралығында Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясында бастауыш сыныптардың көңілді онкүндігі өтуде.
Онкүндіктің мақсаты – оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімге деген құштарлығын ояту және оқушылардың мектеп өміріне белсенді қатысуына ықпал ету.
Онкүндік аясында оқушыларға арналған қызықты сабақтар, танымдық ойындар, шығармашылық тапсырмалар мен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Балалар өз білімдерін көрсетіп, тапқырлықтарын сынап, бір-бірімен достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік алады.
Көңілді онкүндік әрбір оқушыға қуаныш, жаңа білім және жарқын әсер сыйласын!