Текст
24.09.2026
1 «Б» сынып оқушылары «Бір ағаштың тарихы» экологиялық жобасына қатысуды бастады. Жобаның алғашқы қадамы ретінде оқушылар алма дәнін отырғызды. 🍎
Көктемде өскін ашық жерге отырғызылып, оқушылар оны күтіп-баптап, өсу барысын бақылауды жалғастырады. Жоба ағаштың тарихын 9–11 сыныпқа дейін бақылауға мүмкіндік береді.
Бұл жоба балаларды табиғатты аялауға, жауапкершілікке және өз еңбегінің нәтижесін бағалауға үйретеді. 🌿
Жоба жетекшісі — Қаташева Валерия Юрьевна.