Текст
30.07.2026
Балалар мектеп ауласын таза ұстап, аумақты қоқыстан тазартып, гүлзарлар мен клумбаларды күтіп-баптауда. Олар гүлдерге күн сайын су құйып, жасыл желектерді күтіп, мектеп аумағының әсем әрі жайлы болуына өз үлестерін қосуда.
Еңбекке баулу, табиғатты аялау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау – осындай игі істердің басты мақсаты. Бірлескен еңбек арқылы оқушылар ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және туған мектебіне деген сүйіспеншілікке тәрбиеленеді.
Біздің мектептің ауласы – баршамыздың ортақ үйіміз. Оны таза әрі көрікті ұстау – әрқайсымыздың міндетіміз!