Текст
28.05.2026
Қонақтар мектеп дәліздерін аралап, кабинеттерді көріп, жылдар ішінде мектептің өзгеріп, жаңарғанына жағымды әсер алды. Мектептегі балалық шақ естеліктері кездесуге ерекше жылулық пен сағыныш сыйлады.
Салтанатты линейка барысында 1981 жылғы түлектер бүгінгі 11-сынып оқушыларына ақжарма тілектерін айтып, оларға сенім, сәттілік, бақыт және армандарына жетуді тіледі.
Осындай ұрпақтар кездесуі мектептің әр адамның жүрегінде мәңгі сақталатынын тағы бір рет дәлелдейді.