Текст
28.05.2026
Мектеп директоры түлектерді құттықтап, оларға жарқын болашақ, биік белестер мен сәттілік тіледі. Сонымен қатар ата-аналар да жүрекжарды тілектерін айтып, мектепке және ұстаздарға алғыстарын білдірді.
Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі – түлектердің әсем вальсі болды. Оқушылар жүрекке жылы тиетін өлеңдер оқып, мектепке, ұстаздарына және ата-аналарына деген ризашылықтарын жеткізді. Салтанатты шара қуанышқа, толғанысқа және жарқын эмоцияларға толы болды.