Облыстық «Жас Ұрпақ» көшбасшылар слетінде Жарқайың ауданын КММ «Н. Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясы» лайықты түрде таныстырды.

18.05.2026

Мектеп-гимназия оқушылары Подрезова Милана мен Алембаева Лиана өз жобаларын ұсынып, қонақтар мен қатысушыларды ерекше идеяларымен және жарқын өнер көрсетулерімен таңғалдырды. Сонымен қатар, Подрезова Милана «Үздік шешен» номинациясымен марапатталды.

Сондай-ақ, Гребенщиков Андрей мен Дыйқанбаев Валихан «Жас Ұрпақ» қатарына салтанатты түрде қабылданды.

Зерендідегі «Сұңқар» базасында өткен слет аясында «IQ Жастар» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды. Біздің аудан командасы жоғары нәтиже көрсетіп, облыс бойынша ІІ орын иеленіп, 200 000 теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды!

Жетістіктеріңіз құтты болсын! Жастарымызға алдағы уақытта да толағай табыс, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Просмотров: 770


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу