Текст
04.05.2026
Н. Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясында оқушыларға арналған «1 мамыр — Бірлік күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме барысында оқушылар елімізде тұратын әртүрлі халықтардың мәдениетімен, дәстүрімен және тарихымен танысты. Ұсынылған материалдар олардың таным көкжиегін кеңейтіп, көпұлтты Қазақстанның бай мұрасын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Көрме түрлі ұлт өкілдері арасындағы құрмет, достық және өзара түсіністікті қалыптастыруға ықпал етті.
Елімізде әрқашан бейбітшілік, келісім және бірлік орнасын!