Текст
30.04.2026
Аудан мектептерінің командалары жоғары дайындық деңгейін, білімін және өз ойын дәлелді жеткізе білу қабілетін көрсетті. Дебат барысында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасып, сыни ойлау дағдыларын танытты.
Біздің мектеп үшін ерекше қуанышты жаңалық – командамыз турнир қорытындысы бойынша І орынды иеленді. Жеңімпаздар 50 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды.
Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!