Текст
30.04.2026
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, белсенді әкелерді, педагогтарды және жанкүйерлерді біріктірді. Мектеп директоры қатысушыларды құттықтап, отбасы құндылықтарының маңызын және ата-аналардың мектеп өміріне қатысуының қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ «Әкелер клубының» төрағасы сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.
Жарысқа әкелерден құралған үш команда қатысты. Олар командалық рухты, спорттық жігерді және өзара қолдауды көрсетті. Жанкүйерлер ойыншыларды белсенді қолдап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша командалар грамоталармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Мұндай іс-шаралар отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.