Текст
23.04.2026
2026 жылғы 22 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мектеп еріктілері, ардагерлер кеңесінің мүшелері және ДЮСШ қызметкерлері бірлесіп сенбілік өткізді.
Іс-шара бұлақ аумағында ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, аумақты қоқыстан тазартып, табиғат бұрышын ретке келтірді. Нәтижесінде қоршаған ортаға көрік беріп, тазалық орнатылды.
Әртүрлі буын өкілдерінің бірлескен еңбегі – туған жерге деген жанашырлықтың жарқын көрінісі. Себебі тазалық – әрқайсымыздан басталады.
Барлық қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымы мен табиғатқа деген қамқорлығы үшін алғыс білдіреміз!