Текст
07.04.2026
Біздің мектепте «Таза Қазақстан» акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл бастама оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, туған жерге деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Әр сыныпқа мектеп аумағынан белгілі бір территория бекітілген. Оқушылар өз аймақтарының тазалығын сақтап, үнемі күтім жасап отырады. Бұл жұмыс арқылы балалар ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа және табиғатты қорғауға үйренеді.
«Таза Қазақстан» – бұл тек акция емес, бұл – әрбір азаматтың өмір салтына айналуы тиіс маңызды құндылық.