05.03.2026
Жарқайың ауданынан «Цифрики» командасы (КГУ «Н. Крупская атындағы №1 мектеп-гимназия») қатысты. Оқушылар жоғары дайындық деңгейін және жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті.
Интеллектуалдық сайыс қорытындысы бойынша «Цифрики» командасы құрамында:
* Малгаждарова Айлин, 2-сынып, жетекшісі — Ставничая Галина Валерьевна;
* Жұмағали Ернар, 3-сынып, жетекшісі — Почтарук Инна Добрый;
* Кадеш Мансур, 4-сынып, жетекшісі — Струнина Анна Васильевна —
командалық есепте құрметті II орынға ие болды.
Сонымен қатар, Кадеш Мансур жеке есепте жоғары нәтиже көрсетіп, III орын иеленді (жетекшісі — Струнина Анна Васильевна).
Жетекшілердің кәсіби шеберлігі мен жүйелі еңбегінің арқасында оқушылар терең білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және командада жұмыс істей білу дағдыларын көрсете алды.
Жас математиктерді және олардың ұстаздарын лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Жаңа табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!