Текст
27.02.2026
Мектепте пәндік олимпиадаларға дайындыққа ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылар мектепішілік, аудандық, облыстық кезеңдерге белсенді қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп келеді. Дайындық жұмыстары жоспарлы түрде өткізіліп, қосымша сабақтар мен жеке кеңестер ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстары да маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Оқушылар ғылыми жобалар әзірлеп, түрлі байқаулар мен конференцияларға қатысады. Педагогтердің жетекшілігімен олар зерттеу жүргізуді, мәселе қоюды, гипотеза ұсынуды және өз жұмыстарын қорғауды үйренеді.
Осылайша, мектепте дарынды балалармен жұмыс олимпиадалар мен ғылыми жобалар арқылы кешенді түрде жүзеге асырылып, оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.