«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы   бойынша білім бөлімі Державинск    қаласының   Надежда  Крупская атындағы № 1 мектеп-гимназиясы»    коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 1 имени Надежды Крупской города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 «А» сыныбында бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше маңызы бар «Әліппемен қоштасу» атты әсерлі де көркем мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн – балалардың алғашқы әріптерді танып, алғашқы сөздерді оқып, білім жолындағы алғашқы табыстарына жеткенін білдіретін маңызды белес болды.

13.01.2026

Іс-шара Почтарук Инна Владимировнаның ұқыпты да мейірімді жетекшілігімен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқушылар өлең оқып, ән айтып, көріністер қойып, жұмбақтар шешіп, оқу барысында меңгерген білімдерін мақтанышпен көрсетті. Залда көтеріңкі көңіл күй орнап, қуаныш пен шаттыққа толы әсер қалдырды.

«Әліппемен қоштасу» мерекесі оқушылардың жүрегінде жылы естелік болып сақталып, оларды жаңа білімге, мектеп өмірінің келесі қызықты кезеңдеріне жетелейтін маңызды қадамға айналды.

Просмотров: 605


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст