«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайын ауданы   бойынша білім бөлімі Державинск      қаласының   Надежда  Крупская атындағы № 1 мектеп-гимназиясы»    коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммульнальное госдарственное учреждения «Школа-гимназия № 1 имени Надежды Крупской города Державинск по Жаркаинскому району управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебімізге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (НЗМ) педагогтары мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында келді.

25.11.2025

Жұмыс барысында НЗМ мамандары оқушылардың математикалық және жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша оқыту жүргізді. Сондай-ақ математика, физика, химия және биология пәндері бойынша PISA форматына сәйкес тапсырмаларды құрастыру әдістерін көрсетті. Мұғалімдер білімді өмірлік жағдайларда қолдануға және ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірлеу бойынша практикалық ұсыныстар алды.

Химия және биология сабақтарында зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуге ерекше назар аударылды. Оқыту барысында қауіпсіздік ережелері, зерттеу алгоритмін сақтау және оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамыту мәселелері қамтылды.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жұрунтаева С.Б. педагогикалық ұжымға «Тиімді сабақты ұйымдастыру» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыруға бағытталған сабақты жоспарлау мен өткізуге арналған заманауи тәсілдер таныстырылды.

Өткізілген іс-шаралар мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және мектептің білім беру үдерісін одан әрі жетілдіруге маңызды үлес қосты.

Просмотров: 602


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст