«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы   бойынша білім бөлімі Державинск    қаласының   Надежда  Крупская атындағы № 1 мектеп-гимназиясы»    коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 1 имени Надежды Крупской города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

970 жылғы түлектер мектебіне оралды!

06.07.2025

Биылғы жыл – ерекше жыл. Біздің мектебімізді 1970 жылы аяқтаған түлектерге 55 жыл толды. Осыған орай олар алтын ұя мектебіне қайта оралып, жүрек толқытар кездесуге жиналды.

Мектеп қабырғасында балалық шағын, достық пен армандарға толы жылдарын еске алған түлектер ұстаздарына деген алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін айтты. Біз үшін бұл – үлкен құрмет пен қуаныш.

Уақыт қанша өтсе де, мектеп жүректегі ыстық мекен болып қала береді. Түлектеріміздің жетістіктері – біздің мақтанышымыз.

Құрметті 1970 жылғы түлектер, сіздердің келулеріңіз – біз үшін үлкен оқиға! Сіздерге зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық!

Просмотров: 707


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст