«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайын ауданы   бойынша білім бөлімі Державинск      қаласының   Надежда  Крупская атындағы № 1 мектеп-гимназиясы»    коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммульнальное госдарственное учреждения «Школа-гимназия № 1 имени Надежды Крупской города Державинск по Жаркаинскому району управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біз Пятигорск ауылынан және Асыл Мұра ауылындағы Н. Островский атындағы мектептен келген қонақтарымызды үлкен қуанышпен қарсы алдық. Бұл күн ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеген этно-аул рухында өтті.

26.06.2025

Қонақтарымызды қазақтың қонақжай дәстүрімен — ыстық, жаңа піскен бауырсақпен қарсы алдық. Мектеп ауласында қазақ халқының бай мәдениетін көрсететін этно-платформа ұйымдастырылды.

Қонақтарымыз дәстүрлі салт-жоралармен танысты, ұлттық ойындар ойнады, сондай-ақ бауырсақ дайындау бойынша шеберлік сағатына қатысты — қамыр илеу, бауырсақ жасау, майға қуыру үдерістеріне белсене қатысып, қызығушылықпен тамашалады.

Содан кейін оларды киіз үйде жайылған дастархан күтіп тұрды — ұлттық тағамдардан дәм татып, шынайы достық пен жылы қарым-қатынас орнаған ортада емен-жарқын әңгіме өрбіді.

Мұндай кездесулер оқушылар мен мұғалімдер арасындағы достықты нығайтып қана қоймай, ұлттық мәдениетке деген құрметті де арттырады. Қонақтарымызға келгендері үшін алғысымызды білдіреміз, және осындай жылы жүздесулер дәстүрге айналады деп сенеміз!

Просмотров: 356


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст