«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайын ауданы   бойынша білім бөлімі Державинск      қаласының   Надежда  Крупская атындағы № 1 мектеп-гимназиясы»    коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммульнальное госдарственное учреждения «Школа-гимназия № 1 имени Надежды Крупской города Державинск по Жаркаинскому району управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біздің мектебімізде Наурыз мерекесіне орай ерекше жылулық пен қуанышқа толы «Әжелер сөзі – тәрбие көзі» атты байқау өтті.

17.03.2025

Бұл шарада оқушылардың әжелері өз өнерлерін, даналықтарын және қолөнер шеберліктерін көрсетіп, түрлі сайыстарға қатысты.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды:

«Өзін-өзі таныстыру» – қатысушылар өздері және немерелері туралы айтып, көрермендерге жылы лебіздерін жеткізді.

«Шебер қолдар» – әжелер тоқыма, кестелеу, ұлттық тағамдар әзірлеу сияқты өнерлерін көрсетті.

«Салт-дәстүрлер» – қатысушылар ән айтып, би билеп, қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеді. Түрлі сұрақтарға жауап беріп, даналық ойларымен бөлісті.

Көрермендер сайысты ерекше ықыласпен қарап, әжелердің өнеріне тәнті болды. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Бұл байқау оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, әжелердің өмірлік тәжірибесі мен тәрбиелік маңызын түсінуге тамаша мүмкіндік сыйлады.

Просмотров: 728


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст