Текст
Жиында кәсіби бағдар беру педагогы Каирова Д.М. сөз сөйлеп, отбасының жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандығын таңдауда қалай қолдау көрсете алатыны, емтиханға табысты дайындалуға жағдай жасау және эмоциялық жүктемелерді жеңуге көмектесу жолдары туралы баяндады.
Ата-аналар күн тәртібін ұйымдастыру, мотивацияны арттыру және ақпаратпен жұмыс істеу бойынша практикалық ұсыныстар мен кеңестер алды.
Талқылау жемісті және пайдалы болды. Ата-аналар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті, ал педагогтер оқушылардың оқу жылын сәтті аяқтауы және кәсіптік болашаққа сенімді қадам жасауына көмектесетін жауаптар мен ұсыныстар берді.