«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайын ауданы   бойынша білім бөлімі Державинск      қаласының   Надежда  Крупская атындағы № 1 мектеп-гимназиясы»    коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммульнальное госдарственное учреждения «Школа-гимназия № 1 имени Надежды Крупской города Державинск по Жаркаинскому району управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біздің мектепте «Даналық мектебі» клубы аясында «Ата дәстүрі – ұрпақ мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға 5–8 сынып оқушыларының ата-аналары мен құрметті қонақтар: Жарқайың ауданының бас биі Төлеген Садвақасұлы Ибраи, ауданның құрметті азаматтары Николай Анатольевич Яковлев пен Олег Петрович Решетнев қатысты.

06.12.2024

Іс-шараны мектеп директоры Жұмағұлова Зағират Асқарқызы ашып, мәдени дәстүрлерді сақтау мен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті. Модератор ретінде Манатов Аслан Айтжанович сөз алып, талқылауды кәсіби түрде жүргізді.

Қариялар өз тәжірибелерімен бөлісіп, үлкенге құрмет көрсету, моральдық құндылықтар және жастар тәрбиесі туралы ой қозғады. Сонымен қатар, «Тікелей эфирден» айдары ұсынылды.

Іс-шара соңында құрметті қонақтар мен ата-аналар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл оқиға ұрпақтар арасындағы байланысты, мектеп пен ата-аналар қауымдастығының бірлігін нығайтып, дәстүрлерді сақтауда маңызды қадам болды.

Просмотров: 991


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст