Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 қыркүйектегі №259 бұйрығына сәйкес, «2024-2025 оқу жылында жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы» 4-5 желтоқсанда 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі өтуде. Олимпиадаға 117 мыңнан астам оқушы қатысуда.
Олимпиада екі бағыт бойынша ұйымдастырылған:
• 4 желтоқсан – жаратылыстану-математикалық бағыт;
• 5 желтоқсан – қоғамдық-гуманитарлық бағыт.
Ережеге сәйкес, олимпиада 15 пән бойынша өткізіледі:
• Жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері: математика, физика, химия, биология, география, информатика.
• Қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!