"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі  Державин қаласының Надежда Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Надежды Крупской города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола дарынды» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылғы 18-20 қараша аралығында Көкшетау қаласындағы Құрылыс-технологиялық колледж базасында 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

21.11.2024

Іс-шара оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыруға, дарынды жас зерттеушілерді қолдауға және іріктеуге бағытталған.

Конкурсқа барлығы 211 ғылыми жоба ұсынылды, оның ішінде 110 жоба іріктеу кезеңінен өтті. Байқауға 17 ауданнан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан және облыстық мамандандырылған мектептерден 126 оқушы қатысты.

Ғылыми жобаларды қорғау төрт бағыт бойынша жүргізілді, олардың ішінде 16 секция қамтылды:

«Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны»: физика, техника, Жер және Ғарыш туралы ғылымдар секциялары;

«Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық модельдеу»: математика, экономика секциялары;

«Адам денсаулығы және қоршаған орта»: биология, химия, медицина секциялары;

«Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы және тәуелсіздіктің рухани дамуы»: тарих, құқық, тіл білімі секциялары.

Біздің мектептен қатысып, жүлдегер атанғандар:

Ержанов Е. – 1 орын;

Қасымова С. және Михайловская Е. – 3 орын;

Подрезова Милана – грамота;

Ставничая В. және Маликова А. – қатысқаны үшін сертификат.

Балалар, сіздерді құттықтаймыз! Жарайсыңдар!

Просмотров: 651


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст