«ЭКОСФЕРА» жасыл клубының жұмысы

Мектебімізде Галина Валерьевна Ставничаяның жетекшілігімен «ЭКОСФЕРА» жасыл экологиялық клубы белсенді жұмыс істеп келеді. Клубтың мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және экологиялық бастамаларды қолдау.

Жыл барысында клуб мүшелері бірнеше маңызды іс-шаралар өткізді:

  • қалдықтарды сұрыптап жинау бойынша эко-акциялар (пластик, макулатура, батарейкалар);

  • «Таза мектеп ауласы» акциясы;

  • мектеп ауласында ағаштар мен гүлдерді отырғызу;

  • су мен энергияны үнемдеу туралы ақпараттық стендтер мен түсіндірме жұмыстары;

  • «Эко-өмір» облыстық байқауына қатысу.

8-сынып оқушысы, мектеп өзін-өзі басқару ұйымының Экология министрі Ашенова Дильназ ерекше белсенділігімен көзге түсті.
Ол оқушылар арасында тақырыптық әңгімелер, экологиялық мәселелерге назар аудартатын конкурс ұйымдастырды және бірнеше эко-бастамалардың авторы болды.

Клуб алдағы уақытта да жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр:

  • «Құстарға қысқы дастарқан» акциясы (жем салғыштар ілу);

  • «Заттарға екінші өмір» жобасы (апсайклинг);

  • мектеп ауласын бақылап жүретін «Эко-патруль»;

  • «Экологиялық өмір салты» апталығы;

  • «Қоқыс емес — өнер!» көрмесі;

  • «Өз ағашыңды отырғыз» флешмобы.

«ЭКОСФЕРА» клубының жұмысы оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғатты қорғау бағытында белсенді ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді.